Úı ANONS Шымкенттегі ХҚКО мен МХҚКО Наурыз мейрамында қалай жұмыс істейді?

Шымкенттегі ХҚКО мен МХҚКО Наурыз мейрамында қалай жұмыс істейді?

фото ХҚКОБҚ

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.

Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.

25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.