«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Халықаралық әйелдер күні мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.
Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.
7 наурыз, яғни сенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.







