Түлкібастағы Кершетас ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтеруде

80

Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Кершетас ауылынан 100 адамға шақталған мәдениет үйі бой көтеріп жатыр. Соңғы жылдары бұл мәселе ауылдық округ тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген еді. Қазіргі таңда мәдени нысан түсетін орынның жері тегістеліп, қазаншұқыры қазылып жатыр. Нысан 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар ауылдағы 458 оқушы білім алатын Құрманбек Жандарбеков мектебі де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінгі таңда әрлеу, есік пен едендерін ауыстыру, жылу, желдету және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Мектептің ішкі әрлеу жұмыстары жаңа оқу жылына толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Ал, сыртқы жұмыстары қыркүйек айының орта тұсында аяқталмақ.