«Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру»

22

Бүгін осы тақырыпта Ордабасы ауданы прокуратуратурасының ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне семинар өткізілді.

Семинарға теология саласының маманы, ауданның бас имамы, аудан әкімдігі мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары қатысты.
Аудан көлемінде мектептердегі аталған пәнді оқытатын мектептер саны – 53 (негізгі орта – 3, орта – 50), мұғалімдер саны 54, бұл пән 9-сынып оқушыларына өтеді (оқушылар саны – 3 009).
Тоқтала кету керек, осы пәнді біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің мәліметіне сәйкес мұғалімдер мен оқушылар үшін дінтану негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен әдістемелік құралдар жеткіліксіз.
Сондықтан іс-шара имамның және теология маманының лекцияларын тыңдау арқылы ұйымдастырылды.