Úı ANONS М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Шымкентке келді

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Шымкентке келді

М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Шымкент қаласына арнайы гастрольдік іс-сапармен келді. Алматылық театр қойылымдарын қалалық орыс драма театрының сахнасында қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек.

Мегаполистегі іссапар шымылдығы Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасымен ашылды. Алдағы 3 күнде Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясы, Александр Володинның, Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша қойылған «Қара» драмасы көрермен назарына ұсынылады.

Сондай-ақ, театр актрисасы “Құрмет” орденінің иегері Назгүл Қарабалинаның «Монодрама — шеберлік шыңы» атты шеберлік сағатын өткізу жоспарланған. Сабақ 28 қыркүйек сағат 11.00-де қуыршақ және жасөспірімдер театрында өткізіледі.