Маман: «Жолдау – дамудың нақты тетіктерін нұсқады»

80

Шымкентте үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиында Мемлекет басшысы айтқан бірқатар мәселелер қозғалды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Президент жолдауында елдің көкейінде жүрген маңызды жайттар қозғалғанын айтып, қолдау білдірді.

«Жылдан жылға педагог мамандығына сұраныс көбейіп келеді». Осылай деген ОҚМПУ-нің ректоры бұл біз үшін үлкен жауапкершілік дейді. Өйткені, Мемлекет басшысының өзі жолдауында педагогикалық білім беруге баса назар аударды. Сондықтан біз, жақсы ұрпақ тәрбиелейтін мұғалімдерді дайындауда бар күшімізді саламыз дейді Гүлжан Сүгірбаева.

Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ-нің ректоры: «Біз Оңтүстік өңіріндегі ең ірі педагогикалық университетпіз. Кешегі жолдауда педагогикалық білім беруге көп назар аударылған. Соның ішінде білім беру бағдарламалары туралы айтылды. Өйткені, жақсы педагогог болашақта жақсы шәкірттер шығарады. Сондықтан біздің мақсатымыз осы».

Ал Шымкенттегі балалардың құқығын қорғау омбудсмені ұлт саулығы үшін 1 жасқа дейінгі берілетін көмектің 1,5 жасқа дейін ұзаруы маңызды екенін айтады. Маманның сөзінше, бала тіпті 3 жасына дейін анасының қасында болуы қажет. Бұл жаңалықты құптаған Жанетта Жазықбаева алдағы уақытта тағы да тиісті шешімдер қабылданады деп сенеді.

Жанетта Жазықбаева, қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау омбудсмені:
«Кешегіде 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартқан. Ол да нұр үстіне нұр болды. Сондай-ақ балалар жылының қарсаңында балаларға қор ашылып, 2024 жылдан бастап дүниеге келген балаларға ақша аударып отыру да дұрыс қылды. Ертек балалар кәмелет жасына толғанда, дайын алып кете алатын капиталы болады. Ол болашақта өзінің біліміне жұмсай ма? Баспана ала ма өзі біледі».

Жиналғандар жолдауда айтылған азық-түлік мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры әрі саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков алда атқарылатын үлкен шаруалар күтіп тұрғанын айтады.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы: «Ең маңызды мәселе азық-түлік мәселе. Шыны керек, біздің мемлекет әлемдік азық-түлікке 20 пайыз ғана араласады. Кеше Президенттің өзі, бұрынғыдай бидай менен ет сатып отыратын заман емес деп айтты. Яғни, біз басқа бағыттарды да қарастыруымыз керек. Біздің жер көлеміміздің қандай үлкен. Біз ауыл шаруышылығында бірқатар өзгерістер енгізуіміз керек».

Айта кетейік, Президент жолдауын талқылауға ЖОО орнының студенттері де ат салысты. Жастарға қатысты өзгерістерге қолдау білдірген олар, бүгінде елімізде өскелең ұрпақтың өсіп- дамуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр дейді.