Қарабұлақ ауылында заңсыз шаруа қожалықтарын сүріп тастамақ

59

Сайрам ауданында заңсыз салынған шаруа қожалықтарын бұзуға сот шешімі шыққан. Жергілікті шаруалар жылдар бойы маңдай терін төккен жер енді заңсыз болып шыққан. Олар кәсібіміз жабылса шығынға бататын болдық деп отыр. Жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін көкөніс қоймаларын да сүріп тастамақ. Ал Қарабұлақ ауылындағы 11 кәсіпкерлік нысанының фермасы заңсыз екені анықталған.

Бұл Қарабұлақ ауылының тұрғыны Мамыткәрім Ниязтаев. Енді ол қорасын бұзып, жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл төлеуі қажет. Себебі мұнда фермер мал шаршушылығымен емес, өсімдік өсірумен айналысуы керек еді. Алайда ол кәсіпкерлік үшін алған жерінде мал өсірген. Нәпәқасын айырып отырған табыс көзі енді заңсыз болып шықыпты.

Аймақта бұдан өзге 11 кәсіпкер осындай жағдайға тап болды. Шаруа қожалықтары ғана емес, көкөніс қоймалары, тоңазытқыштар мен қоймалар да қирандыға айналмақ. Сот олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеріне ғимарат салуға болмайтынын анықтаған.

Сондай-ақ, ауыл дихандары алма, қара өрік және анар сынды жеміс-жидектер ағаштар да тұрып шіріп барады деп шағымданды. Олардың арнайы жинайтын қоймалары жоқ. Ал күзді дақылды бірден сатып жіберу де мүмкін емес.

Шаруалар ғимараттарын әлі заңдастырып үлгермеген. Себебі жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерте алмапты. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы нысандарына байланысты сот шешімі шыққанымен әлі де қарсылық көрсетуге мүмкіндігі бар екенін айтады.

Камилжан Абдилахатов, Қарабұлақ ауылының әкімі: «Мен шаруаларға айттым: Жоғарғы сотта жеңіп алсаңдар, жер телімін қайта қарап, өз кәсіпкертеріне арнап бере аламыз. Қойманы да заңдастырып алуға болады. Мәселені тек осылай шеше аламыз».

Енді шаруалар өз құқықтарын қорғау үшін Жоғарғы сотта шағым түсірмек. Себебі өз қолдарымен дамытқан кәсіптерін жермен жексен еткеніне көргісі келмейді. Бір айта кетерлігі Қарабұлақ ауылдық округінде заңсыз салынған фермалардан бөлек, құжаты жоқ мыңнан аса тұрғын үй анықталған.