Шымкент ХҚО-да заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталықтары жұмыс істейді

13

Процесті неғұрлым ыңғайлы ету үшін заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш ХҚО-да қабылданатын болады. Бұрын құжаттарды тапсыру үшін олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бэк-офистерінің кеңсесіне жүгінген болатын, ал енді өтінішті қаланың ХҚО-ларында тапсыруға болады.

Осы жаңашылдықтың арқасында клиенттің қызмет көрсетушімен тікелей байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кеседі.

ХҚО-ларда заңды тұлғалар үшін хабарлама сипатындағы 6 қызмет көрсетілетін болады:

— Заңды мекенжайының (резидент еместердің)өзгергені туралы хабарлама
— Заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) ауысуы туралы хабарлама;

— Заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама;

— Заңды тұлғаның экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама;

— Басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (ТАӘ өзгерту);

— Құрылтай құжаттарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хабарлама.

— Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру;

— Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама.

Бұл қызметтер хабарлама сипатында көрсетіледі, сондықтан тіркеу ақысын төлеудің қажеті жоқ. Аталған қызметтерді eGov порталынан онлайн режимде де алуға болады.