Жылу маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан да қаламыздағы Қаратау аудандық төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бірлесуімен тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда газ қауіпсіздігі жайында үндеу қағаздары таратылып, тұрғындар газ талдау құрылғыларының жұмысын бақылады.
Өткен жылу маусымында 600 адамға қатысты газдан улану дерегі тіркелген. Ал биылғы маусым басталып, жылыту қазандықтарының қосылуына 1 ай қалды. Соған орай Қаратау ауданына қарасты көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жұргізілді.
Еркебұлан Тасқараев, Қаратау ауданы ТЖБ басшысы: «Қазіргі таңда 2022 жылғы жылыту маусымына республика бойынша түсірдіру жұмыстары басталды. Сондықтан Қаратау ауданы көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тексеріс барысында бірнеше олқылықтар байқадық. Оларға барынша түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын алдын ала жасауға кеңес бердік»
Шымкентте 4913 пәтерге газ талдаушы құралдар орнатылған. Көбіне жаңа тұрғын үйлерге қойылған. Жаңа пәтер иелері ол құралдың қалай жұмыс істейтінін білмегендіктен, газдан улану фактілері әлі де кездесіп жанқан көрінеді. Сондықтан мамандар құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін біртіндеп түсіндіріп шықты.
Түсіндіру жұмыстарының барысында тұрғындардың газ талдаушы құрылғының қаншалықты маңызды екенін білмейтіні белгілі болды. Себебі олар құралды не өшіріп тастаған, не сөрелерге салып қойған. Мамандардың сөзінше газдан улану жайты осындай салғырттықтан пайда болады.
Асылжан Жанаев, Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы: «Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесіп, улы газдан уланудың алдын алу үшін түсірдіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Оның маңыздылығы газ алушы өз құрылғыларын өздері жауап беруі керек екенін көрсету»
Газ талдаушы құралдың тиімді жері үйде улы газ шығып, тарала бастаса, бірден белгі береді. Егер пәтерде адам болмаған жағдайда газ құбыры автоматты түрде өзі жабылады. Сондықтан да тұрғындардың газбен жұмыс жасау қауіпсіздігін білуі өте маңызды