Шымкентте жас ана құбырдан құлап, суицид жасамақ болды

34

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы жанжалының соңы нағыз қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. 30 жастағы екі баланың анасы күйеуімен жанжалдасып, Д. Қонаев пен Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында орналасқан алып құбырға шығып, биіктен құлап, өз өмірін қимақ болған.

Жедел бақылау орталығының инспекторы бұл жағдайды дер кезінде камера арқылы көріп қалған. Патрульдік полицияның экипажы оқиға орнына санаулы минуттарда дер кезінде жетті.

3-ротасының командирі Табиғат Жақсыбектегі құбырға шығып, шарасыз әйелді аман алып қалды. Мән-жайды анықтау үшін ол Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Айтуынша, екі кішкентай баласы бар, оны мұндай қадамға баруына күйеуімен жанжал итермелеген.

Жас ананың туыстары құтқарғандары үшін полицияға алғыстарын білдірді.