Шымкенттік полицейлер құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топты құрықтады

23

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында құрамында 11 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін оларды сату және алмасу жүргізілген, алынған табысты өздері кемденіп отырған. Тыңдамаған жағдайда зорлық-зомбылық көрсеткен, бопсалап, ойдан шығарған айыппұлдар салған, есірткіні (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген.
Аталған жайт бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притонқұру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.