Шымкентте Республика күні кең көлемде аталып өтті

Шымкентте еліміздегі басты және жалғыз ұлттық мереке – «Республика күні» аталып өтті.

Кең көлемде тойланған мерекеде қаланың дамуына, өркендеуніе елеулі үлесін қосқан жандар мемлекеттік наградалармен мараптталды. Салатантты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды меркемен құттықтап, мегаполистің кейінгі жылдардағы жетістіктерін, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Шымкент жұртшылығы Республика күнін кең көлемде атап өтті. Қаладағы Көрме орталығында мерекенің салтанатты рәсімі Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.


Республика күні 13 жылдан кейін қазақстандықтарға қайта оралды. 25 қазанға «ұлттық мереке» мәртебесі қайтарылды. Жиында шаһар басшысы қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күн ұлттық мереке ретінде белгіленді. Биыл Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Билік институттары арасында өкілеттіктер қайта бөлініп, Парламенттің рөлі күшейтілді. Қазақстанда жаңа саяси басқару моделі қалыптасты. Мұның бәрі Қазақстанда демократия қағидаттарына негізделген әділетті қоғам құру, Республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін жасалып жатыр. ҚР Республика күні біздің жалпыұлттық мерекеміз. Сіздерді осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!»

Жиында мегаполис басшысы Шымкент қаласының дамуы туралы сөз қозғады. Шаһар мегаполиске айналғаннан кейін миллионды қалаға инвестициялар көптеп тартыла бастады. Мұрат Әйтеновтің сөзінше, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жетеді.

Мегаполисте мектептер, денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Ал халық саны жыл сайын 40 мыңға көбейеді. Биыл бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу және 8 мыңнан астам отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр. Қалада жаңа индустриялық аймақтар салынып, жұмыс орындары ашылуда.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Инвестиция көлемінің арту есебінен қала бюджеті 4 есеге ұлғайды. Қала экономикасының қарқынды дамып жатқан соң, соңғы 3 жылда қала инфрақұрылымына көп көңіл бөлуге мүмкіндік берілді. Ауыз сумен қамтуда 32 нысан, электрмен қамтуда 28 нысан, газбен қамтдуа 21 нысан құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде ауыз сумен қамтамасыз ету 98% – ға дейін, электрмен жабдықтау – 97% – ға дейін, табиғи газды халыққа жеткізу-93% – ға дейін өсті. Инженерлік инфрақұрылым мәселелерінің бір бөлігі келесі жылы, ал 2025 жылы толығымен шешіледі».

Мегаполисте бизнес белсенді дамып келеді. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің төрттен бір бөлігі Шымкентте өндіріледі. Бүгінде үшінші мегаполистің кәсіпкерлері өз өнімдерін шетелге экспортқа шығарып жатыр. Мемлекет басшысының тұрғындардың әл ауқатын жақсартуға барынша қолайлы жағдай жасау қажет деген пәрмені ойдағыдай орындалып жатыр.

Республика күні мерекесінің қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін көрнекті тұлғаларды марапаттап, шымкенттіктерге мемлекеттік наградалар берілді. Олардың қатарында өндірістік сала, бизнестің, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Марапатты мегаполистің 29 тұрғыны алады.

«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Любовь Доброта да марапат иелерінің қатарында. Шымкенттің тіршілігі туралы мақалалары үшін журналиске «Құрмет» ордені табысталды.

Любовь Доброта, «Құрмет» орденінің иегері: «Мен өте қуаныштымын! Марапат алу жақсы әрине, оның үстіне бұл марапат менің мерейтойыммен тұспа-тұс келіп отыр. Мен ертең 60 жасқа толамын. Бұл мен үшін өте керемет сый болды. Ал жарты жылдан кейін менің «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істегеніме тура 30 жыл болады. Мен жылдар бойы тұрғындардың мәселелерін шешуге, ауыл- қаланы абаттандыруға, дамытуға, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін материалдар жазуға тырыстым. Бұл журналистің негізгі – мақсаты. Барлық қала тұрғындарын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мен бұл мерекені қайта атап өтетінімізге қуаныштымын!. Менің ойымша, біздің халық бұл мерекенің маңызын әбден түсінеді».

Ұлттық мереке «Республика күнін» жаңғырту – елімізде жүргізіліп жатқан тиімді реформалардың нәтижесі. Қала тұрғындары 25 қазанның – еліміз үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Осы сәттен бастап мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы туралы есеп жүргізіледі. Елде Тәуелсіздік Декларациясы пайда болды, ал онда негізгі адами және саяси қағидалар көзделген.

Сапарбай Өтемісұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: «Бүгінгі ұлы күн -25 қазан бәріңізге құтты болсын! Бәріңізге жақсылық әкелсін! Отбасыларыңызға амандық тілеймін! Үйлеріңде жақсылық болсын!».


Бейбіт Төлеметов, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары: «Мейрам құтты болсын! Осылай марапаттап, елеп-ескергендеріне ризамын! Әрбір отбасыға қуаныш пен жақсылық тілеймін!

Салатанатты марапаттау рәсімінің соңы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концертке ұласты.