Шымкентте Республика күні 67 нәресте дүние есігін ашты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы, дәрігерлердің толық бақылауында. Сәбилердің 38-і қыз, қалғаны ұл балалар. Толығырақ аналармен тілдесіп қайтқан тілші бейнематериалында.
Сағынай Бекмұханбетова 31 жаста. Ол Республика күні толғағы ұстап, қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Үшінші жүктілігі ауыр өтіп, нәрестесін босанған соң, жансақтау бөліміне жатқызуына тура келген. Абырой болғанда, қазіргі таңда, баланың да, өзінің жағдайы жақсы. 2600 грамм болып туылған жігіттің есімі Хан.
Сағынай Бекмұханбетова, қала тұрғыны: «25 қазан күні осы жжерге түстік. Жағдайы ауыр болдды. Реанимацияға түстік. Қазір шүкір жақсы. Дәрігерлердің арқасында жағдайымыз жақсарды. Алғыс айтамын».
Қалалық перинаталдық орталықта мереке күні 12 бала дүниеге келген. Оның ішінде 8 ұл бала болса, 4 -уі қыз дейді дәрігерлер. Олардың айтуынша, бала мен анааның денсаулығы басты орында. Сондықтан, ақ халаттылар нәрестелерді уақытымен тексеріп, тиісті көмектерін көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, тұмау вирусының дендеп тұрған уақытында ана мен балаға, жүкті әйелдерді сақ болуға шақырады.
гүлбану Сыздықова, ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МКК Бас дәрігері: «Жүкті келіншектерді, жүктті әйелдерді, балаларды ең бірінші кезеңде вакцина алуға шақырамыз. Себебі, ауыр түрінде, грипп асқынып, пневмония асқынып, ауыр жағдайда пациенттер кездесуде, балаларды таза ауада ұстап, оқшауланған жерде ұстап, иммунитеттерді көтеруге кеңес береміз».
Айта кетейік, Ұлттық мереке күні Түркістан облысында 119 сәби жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде бір егіз бар. Ал Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері 20092 балаға дүниеге келген. Оның ішінде 9857 қыз болса, қалғаны ұлдар. Егіздердің саны 237-ні құраса, үшемдер үшеу.
Нұргүл Жолымбетова






