25 қазан Республика күні кең ауқымда тойлануда. Мереке күні оқыс оқиғаларымен де есте қалатын болды. Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашудан өрт шықты.
Өрт сағат 23:42-де Нұрсәт шағынауданында болған. Астана алаңында ауқымды концерт ұйымдастырылған болатын. Аспанға атылған отшашудан құрғақ шөп өртенген.
“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 23:50-де сөндірілді”, – деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті







