Шымкенттік тұрғын көлігіне доңғалақ аламын деп, ақшасынан айырылды

14

«ОLX» қосымшасы арқылы автокөліктің 4 доңғалағын сатылымға қойып, алушының қаржысын алдын-ала аудартып алып, бой тасалаған. Оқиға Шымкентте, 2022 жылдың 5-қазанында орын алған.

Абай АПБ-ның кезекші бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол арызында, бейтаныс азамат «ОLX» қосымшасы арқылы 4 дана автокөлік доңғалағын сатамын деп сеніміне кіріп, ақшасын аударта сала тауарды да ол үшін төленген қаражатты да қайтармай, ұялы телефонын сөндіріп, хабарсыз кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 90.000 (тоқсан мың) теңгені құрап отыр.
Аталған жайт ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 23-те, жұмыссыз.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.