Жол құрылысы келер жылы аяқталады

35

Шымкент қаласында дәл биылғыдай жол құрылысы қарқынды жүргізілген емес. Ірі жобалардан бөлек, көше қиылыстары мен тұйық көшелерге дейін жөндеу жұмыстары биыл қарқын алды. Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесі қиылысындағы жолайырық қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешеді деген жоспар бар. Жылдам жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы да басты назарда тұр.

Дәл осы көше ана басы мен мына басы бітіңкіремей біраз жыл жұмысы тоқтап қалған болатын. Биыл жол құрылысы қарқын алды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Біәрінші кезең бойынша Т. Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1205 шақырым, ені 28 м. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.
Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.
Дәл осы көше бойына ирригациялық арықтар салу құрылыс жұмыстарының артықшылығы болып отыр. Өйткені жауын суы көше бойлай ағып, көлкіген көлшікке айналатын. Енді мұндай кем-кетік орын алмайтын болады.
Т. Өтегенов көшесі жалғасының екінші кезең құрылысы Сырым батыр көшесі мен Қ. Төлеметов көшелерінің  аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.
Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.
Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Т. Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.