«Адал ұрпақ – мемлекет болашағының кепілі» атты пікірсайыс турнирі өтті

52

Шымкент қалалық Политехникалық колледжінде «Адал ұрпақ – мемлекет болашағының кепілі» атты колледж студенттері арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау.

Пікірсайыс турнирінің ұйымдастырушылары Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы мен Шымкент қалалық Политехникалық колледжі болды.Турнирге Шымкент қаласында орналасқан техникалық және кәсіптік 16 оқу орнының пікірсайыс клубтары қатысты.
Дебат турнирінің ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы мен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы директордың у.м.а. Ахметбекова Гүлнар Сатыбалдықызы, Қосымша білім беру оқу салалық орталықтың бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы пікірсайыстың міндеттері мен мақсаттарына тоқталып, қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Дебат ойындарында көтеріліп отырған қазіргі экология саласының өзекті мәселесі, адами рухани құндылықтар және тағы басқа тақырыптар төңірегінде турнир қатысушылары тың пікірлері мен ойларын ортаға салды.
«Қазақстанның болашағы шын мәнінде жастардың, ең алдымен білімді жастардың қолында. Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне сәйкес, адами капиталдың әлемдік индексінде Қазақстан өткен жылы 35-орынға көтерілді. Сонымен қатар, білім беруде 157 елдің ішінде 10-орында тұр. Әрине, бұл – жоғары, сенім ұялататын көрсеткіш. Дегенмен, біз осымен тоқтап қалмаймыз. Жастардың терең білім алуына баса мән беріледі», деген болатын Мемлекет басшысы.
Бүгінде Шымкент қаласында жастардың білім көкжиегін кеңейтетін түрлі бағыттағы іс шаралар жалғасуда.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Болашақ» пікір-сайыс орталығының спикерлері төрешілікке қатысып, қызу пікірсайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандарды анықтады: І орын – Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК; ІІ орын – «Отырар» колледжі; ІІІ орын –Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК; ІІІ орын –М.Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжі.
Шымкент қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Тоқтыбай Зада Нұралықызы, Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Арғынбай Рахат, Политехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Жангул Эрнстовна іс-шараны қорытындылап, қатысушыларды марапаттады. Пікірсайысшылармен қатар олардың жетекшілері мен төрешілер де Алғыс Хаттар иеленді.