«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі шықты

69

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлм қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 07-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың ​ тұрғын үйді таңдау кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан басталады.

Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. ​ Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.

2022 жылы Шымкент қаласына ​ «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде ​ көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға- 40 ​ лимит бөлінді. ​ Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.