«Еңбек жолы» конкурсының үздіктері марапатталды

140

Президеніміздің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясын ілгерілету шеңберінде «Еңбек жолы» конкурсы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы жолдауында да еңбек адамына деген құрметті арттыру мәселесін айтып келеді. Жергілікті билік осы мақсатта жыл сайын аталмыш конкурсын жеңімпаздарын марапаттап келеді.

Конкурсты өткізу мақсаттары –  ұрпақтар сабақтастығын сақтау; еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.
Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша өңірлік деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, «Еңбек жолы» конкурсына жалпы 28, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номимнациясына – 7; «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясына – 14; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 7 үміткер ниет білдірді.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысында номинация жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Аталған номинация бойынша I орын иегері Аубакиров Усенхан Жакыпулы – байланыс саласында 36 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар, оңтүстік өңірдегі «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасының өкілетті өкілі, экономика ғылымдарының кандидаты, көптеген түрлі марапаттарға ие болған.
II орын иегері Акимов Нуржан Тилегенұлы 2021 жылдан бастап «Танатар» ЖК басшысы ретінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су тарату, оның қаражатын жинау қызметін көрсетуде. Су саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 29 жыл. 2015 жылы «Қажырлы еңбегі үшін», медалімен марапатталған.
III орынмен № 124 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аманқұл Назым Берікқызы – білім саласында 1 жыл 6 ай.
«Еңбек жолы» конкурсының «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы жеңіпаздары: I орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасында» инженері Бекетова Шынар Қалдыбекқызы иеленді. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында ІІ-ші дәрежелі дипломымен марапатталған.
II орынды «Қазпочта» АҚ «Шымкент почтамт» филиал өндрістік почта және логистика секторының бастығы Досымбекова Ләйлә Назарбайқызы иеленді. Осы саладағы еңбек өтілі – 14 жыл.
III орынды Ұлықбек атындағы №3 ЖОМ педагог-психологі Дөненбай Ерсайын Ғалымжанұлы иеленді. «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен марапатталған. Білім саласындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
«Еңбек жолы» конкурсының «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы жеңіпаздары: I орынды Күлжанова Қалдыкүл Жаппарқызы – «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бактериологиялық зертхана бөлімінің меңгерушісі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» «AQNIET» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы медалімен марапатталған.
II орын иегері Жұмашева Света Шерелханқызы – 1999 жылдың 8 ақпанынан бастап «Қазақтелеком» АҚ филиалы Бөлшек бизнес жөніндегі дивизионы Оңтүстік өңірі В2С сегментінің коммерциялық директоры лауазымын атқаруда. Осы саладағы еңбек өтілі 23 жыл. Тараз және Шымкент қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.
III орынға Исабаев Фаиль Александрович – 2017 жылдан бастап «Шымкентцемент» АҚ бас механик лауазымын атқаруда. Осы саладағы еңбек өтілі 26 жыл.