Референдум барысында ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытқан азаматтар Мемлекет басшысының алғысына ие болды. Жалпыұлттық маңызы бар саяси науқанда халықтың ұйымшылдығы мен жауапкершілігі айқын көрінді. Нәтижесінде жүйелі жұмысымен көзге түскен 200 ге жуық түрлі сала мамандары арнайы алғыс хатқа ие болды.
Референдум күні ел аумағында мыңдаған бақылаушылар, еріктілер мен комиссия мүшелері жұмыс істеді. Олар дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысты. Таңнан кешке дейін учаскелерде қызмет етіп, әрбір дауыстың дұрыс есептелуін қадағалады. Солардың бірі, спорт саласында қызмет етіп жүрген Индира Қалыбекова. Ол 4 баланың анасы. Талай жыл, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, жеңіс сыйлаған. Яғни, дзюдо, әйелдер күресінен спорт шебері атағын иемденген. Бүгінде еңбегім еленегені үшін қуаншытымын дейді.
ИНДИРА ҚАЛЫБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Мен бүгін еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан алғыс хат алып отырмын. Өте қуаныштымын. Мен және менің әріптестерімді, осындағы барша қызметкерлерді бүгінгі марапатымен құттықтаймын. Барлығымыз ел үшін қызмет етіп, осындай марпат алып отырмыз. Референдумда елдің абыройы үшін қызмет еттік. Бұл жалпы еліміздің келешегі үшін керек жоба еді».
Сондай-ақ, еріктілер азаматтарға бағыт-бағдар беріп, референдумның маңызын түсіндіруге үлес қосты. Олардың белсенділігі қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейде екенін көрсетті дейді жауаптылар. Осындай маңызды сәтте шет қалмай, өз үлесін қосқандардың еңбегі еленді деп отыр.
МӨЛДІР КЕУЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.У.А: «Елімізде өте саяси маңызды іс-шара ол, референдум өткен болатын. Сол референдум аясында еңбек еткен, аянбай өзінің еңбегін көрсеткен азаматтар бүгін марапатталып отыр. ҚР Президенті атынан алғыс хаттар келді. Бүгін сол алғыс хатты қала әкімнің орынбасары өзі табыстап отыр».
Мемлекет басшысы референдумға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, олардың еңбегін ерекше бағалады. Бұл ел дамуына қосылған сүбелі үлес пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Айта кетейік, 200-ге жуық азамат арнайы марапатталды. Олардың қатарында спорт саласының мамандары, дәрігерлер, мәдениет пен өнер өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар бар. Әрқайсысы референдумның жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлес қосқан жандар.
Нұргүл Жолымбетова






