Izumy дүкені әйгілі Giovane Gentile брендінің жаңа топтамасын ұсынады

73

IZUMY дүкеніне әлемге әйгілі Giovane Gentile брендінің жаңа топтамасы келді. Енді шымкенттік талғампаздар табиғи, сапалы матадан тігілген ерекше үлгідегі классикалық костюмдер мен кэжуел стиліндегі киімдерді IZUMY дүкенінен сатып ала алады.

IZUMY дүкенінде көпшілікке танымал итальяндық Giovane Gentile брендінің жаңа топтамасы ұсынылды. Шымкенттегі көрсетілімге брендтің ресми өкілі келіп, арнайы таныстырылым өткізді. Ал жаңа топтама соңғы сән трендтерін ескере отырып жасалған. Осы маусымның басты түсі ретінде ақшыл сарғыш, қоңыр, жасыл рең таңдалып алынған. Giovane Gentile киім брендінің классикалық, күнделікті және спорттық шик сияқты танымал стильдегі киімдері табиғи матадан, мақтадан және жүннен тігілген.

Тулу Озгур, Giovane Gentile брендінің өкілі: “Жаңа топтама Джарутти, Лора Пьяно, Зейна, Витали Барбарис, Чарутти сияқты танымал өндірушілердің маталарынан тігілген. Пандемияға дейін классикалық стиль танымал болса, қазір кэжуал стилі танымалдыққа ие. Мысалы, төменгі жағында резіңкесі бар осындай шалбар сәнге айналды. Оларды классикалық киіммен еркін үйлестіруге болады”.

Брендтің жаңа топтамасындағы өрнекті классикалық киімнің салмағы небәрі 990 граммды құрайды. Сындықтан да денеде бар-жоғы сезілмейді. Ал өлшем диапазоны 42-ден 62-ге дейін. Итальяндық брендтің бүкіл топтамасы Түркияда тігіліп, Шымкенттегі IZUMY дүкендерінде ұсынылған.

Севара Ерметова, “IZUMY” сауда орталығының басшысы: “IZUMY үш негізгі ережені ұстанады: стиль, жайлылық, сапа. Біздің мақсатымыз — жасына, дене бітімі мен көлеміне қарамастан, әрбір ер адамды біздің дүкеннен сымбатты және стильді етіп шығару. Бұл үшін біздің кәсіби кеңесшілеріміз көмектеседі. Олар сізге аяқ киімнен бастап, костюм, сырт киімге дейін таңдап береді. Giovane Gentile бренді стильді ерлердің рухын көтереді. Giovane Gentile-дің жаңа күзгі-қысқы топтамасы соңғы трендтерді ескере отырып жасалған. Биыл бізде өте сәнді көрінетін жасыл, ақшыл, қызғылт сары түстерге басымдық берілді. Giovane Gentile киімдері 15 жастан 80 жасқа дейінгі ерлерге арналып тігілген”.

 

Giovane Gentile брендінің дүние жүзінде 60-тан астам дүкені бар. Онда шалбар, жейде, жемпір, аяқ киім, белдік пен сөмкелерді қолжетімді бағада таба аласыз. IZUMY сауда желісінің дүкендері Нұрсәт шағын ауданында және Асқаров көшесінің бойында орналасқан. Сатып алушыларды киімнің барлық ассортименті үшін Жаңа жылдық 10 пайыздан 30%-ға дейінгі жағымды жеңілдіктер күтеді