Италияндық Giovane Gentile бренді жаңа топтамасын ұсынды

21

Италияндық Giovane Gentile бренді Izumy сауда желісінде өзінің жаңа топтамасын таныстырды. Танымал бренд мұнда тұтынушыларға классикалық сәнді костюмдер, жейделер, шалбарлар мен күнделікті ерлер киімін ұсынады. Ал мереке қарсаңында келушілерді үлкен жеңілдіктер мен түрлі бонустар күтеді.

Қала тұрғыны Нұржан Серкебаев жаңа жылға арналған киімін сатып алуға Изумиге келді. Ол сәнді киім дүкенінің тұрақты тұтынушысы ретінде Giovane gentile брендін таңдайды. Нұржанның айтуынша мұндағы италияндық киімдер сапасы, сәнділігімен көздің жауын алады.

Нұржан Серкебаев, Izumy сауда орталығының тұрақты тұтынушысы: «Мен тек Изумиден киім аламын. 10 жылдан астам уақыт бойы біз отбасымызбен гардеробымызды тек осы жерде жаңартып келеміз. Мен барлығына Изумиден киінуге кеңес беремін. Сапасы өте жақсы, ал сатушы көмекшілер мейірімді және дұрыс киім таңдауға көмектеседі. Жаңа жыл қарсаңында жеңілдік жасады, мен өте қуаныштымын. Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын»

Италияндық Giovane Gentile бренді бұл жолы талғамы ерекше ерлерге арналған топтамасын ұсынды. Бұл брендтің барлық киімі сәнді әрі мінсіз тігілген. Дизайнерлер әр маусымда ерлердің қалауын ескере отырып, кез келген жағдайға арналған жоғары сапалы киім түрін тігеді. Жаңа топтамада классикалық костюмдер, жейде, күрте, кэжуал стиліндегі спорттық киімдер мен былғары аяқ киімдер бар. Танымал брендтің негізін қалаушы Жамал Сеноглының айтуынша, дүкен киімдерін тігуге тек жоғары сапалы материал пайдаланылады.

Жамал Сеноғлұ, Giovane gentile компаниясының негізін қалаушы:  «Біздің компания нарықта 35 жылдан астам жұмыс істейді. Біздің ерлерге арналған киімдердің барлығы бренд, және оны ерлердің параметрлеріне қарай жаңа технология бойынша арнайы тігеміз. Сапасы жақсы болғандықтан, бізде тұрақты тұтынушылар мен сатып алушылар көп. Біздің киімдер Түркияда, Еуропада және Францияда сұранысқа ие. Ал Қазақстанда 60-қа жуық дүкеніміз бар. Жаңа жыл қарсаңында барша шымкенттіктерді және қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, табыс тілейміз»

Giovane Gentile брендін 1984 жылы Италияндық жас дизейнерлер құрды. Бастапқыда олар тек классикалық костюмдер, жейде, тондар шығарған. Ал кейін аяқ киім, аксессуар мен шұлықтар да тігетін үлкен дүкен желісіне айналды. Жаңа жылдық кешке керемет киімдер топтамасын Изумидегі Giovane Gentile брендінің жаңа топтамасынан кездестіре аласыз.

Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы, 53. Izumy сауда орталығы,