«Изумиде» Giovane Gentile бренді сатылуда

400
"Изуми" сауда желісі Giovane Gentile-дің брендік киімдерін ұсынады

«Изуми» сауда желісінде киімдердің жаңа үлгілері сатылуда! Таяуда итальяндық Giovane Gentile брендтік киімдерінің дизайнерлері осы сауда кешеніне арнайы келіп, жаңа киімдерін ұсынды. Бұған қоса сауда кешенінің өкілдері үшін шеберлік сабақтарын өткізді.

 Солардың арасында Giovane Gentile тауар белгісінің әйгілі 5 дизайнердің бірі де бар. Сән маманы шымкенттіктерге арнап, жаңа киім үлгілерін әкеліпті. Оларды алдымен «Изуми» сауда желісіне ұсынуды жөн көрген бренд-менеджер биылғы маусымның ерекшелігін айтуды ұмытқан жоқ. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0uiuj_R-0Rw[/youtube]

Үміт Үргүн, Giovane Gentile сауда кешенінің бренд-менеджері: «Бұл жаңа үлгілер түстерімен де ерекшеленеді. Биылғы маусымда қара, сия көк, сұр түстер сәнде болады. Бұған қоса қанық қызыл және қызғылт сары, қоңырқай түстер де біздің талғамнан түскен емес. Бұл үлгілердің матасы жұмсақ, киюге ыңғайлы.»  

Атақты итальяндық сауда кешенінің өкілдері Шымкентке алғаш рет келіп отыр. Бұған қарамастан өнімдері қала тұрғындарының сұранысына ие болатынына сенеді. Қонақтар жаңа түсімдермен таныстырып қана қойған жоқ, «Изуми» сауда желісінің мамандарына шеберлік-сабақтарын өтті. 

Юлия Жидовцева, «Изуми» сауда желісіндегі Giovane Gentile бөлімінің жетекшісі: «Бұл киімдер тамаша, сәнді, ең бастысы, біздің көптеген клиенттеріміз тек осы итальяндық киімдерді алу үшін іздеп келіп жатыр. Басқа брендтерден ұсынсақ та, көбінесе Giovane Gentile-ні сұрайды. Яғни, тұтынушылар бұл брендтің тек сәнді ғана емес, сапасының да жоғары екенін біледі.»

"Изуми" сауда желісі Giovane Gentile-дің брендік киімдерін ұсынады

Giovane Gentile-нің жаңа үлгілерін іздесеңіз, «Изуми» сауда желісінен таба аласыз. Айта кетейік, бұдан бөлек сауда жүйесі 1-қарашадан бастап өзге де брендтік киімдерге түрлі жеңілдіктерін ұсынып отыр.