Úı ANONS «ҚазМұнайГаздың» 30 млн. акциясы биржа арқылы сатылады

«ҚазМұнайГаздың» 30 млн. акциясы биржа арқылы сатылады

«ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі 551 698 745 акцияның 30 505 974 акциясы биржа арқылы сатылады. Бір акцияның бағасы 8,4 мың теңге болады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс департаменті.

Бүгінде қор «ҚазМұнайГаз» акцияларының басым бөлігіне — 90,42 процентіне иелік етіп отыр. Ал биржа арқылы сатылатын 30 миллион акция соның 5 процентін құрайды. Қалғаны ұлттық банкке тиесілі. Акцияны сатып алуға өтініш қабылдау 9 қарашада басталады. Институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек саудамен алатындар үшін 2 желтоқсанда аяқталады.