25 маусымнан бастап Шымкент қаласындағы колледждерге құжат қабылдау басталады. Жаңа 2026-2027 оқу жылында тағы 6 мың бала Шымкент қаласының колледждерінде тегін білім алуға мүмкіндік алады.
Жергілікті бюджет есебінен білім беру саласына – 310, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 373, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласына – 50, кәсіпкерлік, басқару және құқық саласына – 125, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 861, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3141, ветеринария саласына – 25, денсаулық сақтау саласына – 365 орын, қызмет көрсету саласында 750 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп, өңіріміздің 28 колледжінде орналастырылды.
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждер мен www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша жұмыс уақытында (дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9:00-13:00, 15:00-19:00 аралығында) төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады: 87479718959, 87024072941, 87023115138







