Úı ANONS Шымкентте ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен рейд өтті

Шымкентте ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен рейд өтті

фото ШПД
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қоғамдық орындардың тазалығы, абаттандыру қағидаларының сақталуы және қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу мақсатында бақылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, аумаққа әуеден бақылау жасалды. Бұл заң бұзушылықтарды жедел анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік берді.
Рейдтік іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша бір тәулік ішінде 72 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны ластамау, абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласының полициясы тұрғындарды табиғатты аялауға, туған өлкенің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.