Сарыағашта жалғызбасты анаға баспана кілті табысталды

21

Сарыағашта Көктерек кентінің тұрғыны, 3 баланың анасы Ұлбосын Мұсабаеваға баспана кілті табысталды. 4 бөлмелі үй аудандық мәслихат депутатының демеушілігімен салынған.

Құтты қонысымен құттықтауға аудан әкімі Мұхит Отаршиев келіп, қуанышымен бөлісті. Сонымен қатар, үй иесіне қажетті тұрмыстық техниканы табыс етті. Жалғызбасты ана бұған дейін апаттық жағдайдағы үйде тұрған.

Қазір тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталды. Баспана іші заман талабына сай жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.