Алдағы жылы еліміздің жолдарын жаңғыртып, транзиттік әлеуетті арттыруға 1 триллионнан астам қаржы жұмсалмақ.
Ұлттық жобаға сәйкес, оның 482 миллиарды республикалық, 94 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінеді. Қалған басым бөлігі инвесторлардан тартылмақ. Ал қыруар қаржыға орталық-өңтүстік көлік дәлізін жаңғырту және Ақтөбе-Атырау, Қызылорда-Павлодар және Семей-Өскемен секілді тас жолдарды жөндеу көзделген. Әрі темір жолдарды да жаңғырту жоспарланған.