Түркістан облысы халқының 85 пайызы ауыз сумен қамтылды

81

Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 712 елдімекен немесе халықтық 85,7 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Оның жетеуі қала, 705-і ауылдық елді мекен.

Биыл 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 18,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде жыл аяғына дейін 13 жоба пайдалануға берілмек. Қалған 42 нысанның құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған.

Су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес, тозығы жеткен су құбырлары кезең-кезеңімен қайта жаңартылмақ.