“Түркістан жастар премиясы – 2022” байқауы өтеді

112

Түркістанда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Түркістан жастар премиясы-2022” жобасы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – облыстағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау. Сонымен қатар облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау. Байқауда 21 номинация бойынша үздіктер таңдалады.

Оның 14-і аудан, қала жастары арасындағы «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-і», «Үздік Жастар ресурстық орталығының маманы», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас волонтер» сынды аталымдар. Ал облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасындағы «Үздік жас фототілші», «Үздік жас тілшіні» анықтайды.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында тағы 5 номинация қарастырылған. Өтінімдер 30 қарашаға дейін қабылданады.