Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген құжатта.
Айта кетері, бұған дейін Қасымбек Қарағанды облысын басқарды. Оның орнына бүгін Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды.