Көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 57 пайызға жетті

64

Биыл Шымкентте 104 жарықшамдар орнатылды. Жалпы өткен жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жарықтандыру жұмысы жүзеге асып келеді.

Нәтижесінде, орталық, әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін, 2022 жылға жоспарланған 104 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарық жүйесі іске қосылды.

Бүгінде қалада жарықтандырылған көше саны 426-ға жетіп, қамтылу көрсеткіші 43,4%-дан, 57%-ға өсті. Ал 2023 жылы бұл көрсеткішті 70 пайызға өсіру көзделген.