2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1860 пәтерлі 33 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде, 19 үй кредиттік негізде, 14 үй арендалық негізде берілетін болады.
Бүгінгі таңда, 630 пәтерлі 12 тұрғын үй бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Қалған 102,0 мың шаршы метр құрайтын 1230 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысын жыл қорытындысымен аяқтау жоспарланған.
Ал, Тұран ықшам ауданындағы 83,5 мың шаршы метр құрайтын 1112 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.