Көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек

58

 Шымкентте биыл 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан 8 және Желтоқсан көшесіндегі 2 тұрғын үй бар.

Жөндеу жұмысы кезінде үйлердің қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылады. Бүгінгі таңда жөндеу жұмысын бастау үшін қаражат бөлініп, сатып алу конкурстары жарияланып қойған.

Мердігер компания анықталған соң, жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Ағымдағы жөндеу жүмыстары – тұрғын үйлердің мерзімінен бұрын тозудан және жүйелі әрі уақытылы қорғауға бағытталған.

Гүлдана Дәурен