Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына лапароскопиялық әдіспен операция жасады. Тіліксіз ота кезінде дәрігерлер 17 жастағы науқастың бүйрегінің жоғарғы полюсынан шамамен 6 см кистозды массаны алды.
Бұған дейін анамнезде балаға бауырдағы эхинококк кистасына операция жасалған екен. Науқас осы отадан кейін диспансерлік бақылауға алынып, жылына 2 рет жоспарлы тексеруден өтіп тұрған. Бірақ соңғы 1 айда ауырсыну байқалған соң іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және іштің МРТ сканері жасалды.
Тексеру барысында сол жақ бүйректің кисталық түзілісі анықталып, қайта ота жасалу керек болған. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өткен. Пациенттің өміріне келер қауіп жоқ.