Түркістан облысында 26 жеңіл жүрісті қыз ұсталды

51

Түркістан облысында 2 жеңгетай мен 26 жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті.

Іздестіру шаралары кезінде, интимдік қызмет ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілері де ұсталды. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ «жеңіл жүрісті қыздарды» жинап, ақылы түрде интимдік қызмет көрсетумен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.

Ғалымбек Тұрысбеков, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы: «Полиция қызметкерлері сауна мен «хостелді» қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтап, жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-да тіркелді».

Күдіктілерден қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.