Антикор жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

32

Антикор ағымдағы жылы бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаскелерін бизнеске бөлудің ашықтығы, олардың қолжетімділігі, сондай-ақ оларға инфрақұрылымды жеткізу және желілерге қосылу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

Бұл туралы Департаменттің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қоғам өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.

Тек өткен жылы  қала бюджетіне жер учаскелерін сатудан 2,4 млрд. теңге түскен.

Аталған саладағы мәселелер мен кемшіліктерді талқылау, сондай-ақ жер беру тетіктерін жетілдіру мақсатында «Аntikor ortalyǵy» алаңында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, Мемлекеттік кірістер, Жер ресурстарын басқару департаменттерінің, кәсіпкерлер палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия мен қоғам белсенділері кездесті.

Сондай-ақ, бүгін Жандос Жұмабаевтың төрағалығымен белгіленген саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс тобымен кездесу өтті.

Айта кетейік, егер Сізде жер учаскелерін беру кезінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты нақты ақпаратыңыз, шағымдарыңыз және ұсыныстарыңыз болса, 8 747 741 7628 WhatsApp нөміріне немесе taldau2023.2024@gmail.com электронды поштасына жолдай аласыздар.

Сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз.