Қазақстанда кедейлердің саны қарқынды өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтырғы 3-тоқсанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3% болған. Оның алдындағы тоқсанда – 5,1 %, ал 1-ші тоқсанда 4,6% болыпты.
Осындай тенденцияның барын жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да айтқан еді.2022 жылдың қорытынды статистикасы алдағы наурызда жарияланады. Әйтсе де, Дүниежүзілік банктің өткен тамыздағы мәліметінің өзі ресми статистикадан әлдеқайда жоғары. Халықаралық институттың сауалнамасының қорытындысында елдегі халықтың 23 пайызы өзін кедей санатына қосатыны белгілі болған.