Медициналық мекемеден 32 млн. теңге бопсалаған…

53

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес, күш қолданып адамды қорқытып алушылы аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Жаза ретінде жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған баппен Ш. сотталды. Бұл туралы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.

Іс материалдарымен анықталғандай, ол адамдар тобының алдын-ала сөз байласумен қорқыту арқылы, жәбірленушілерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен. Яғни Ш, медицина қызметкерлерімен жолығып, мекемеде анықталған кемшіліктерді ешкімге жария етпеу үшін 32 млн теңге талап еткен. Аталған медициналық мекеме қызметкерлері мұндай соманы тауып беруге мүмкіндік болмаған соң, құқық қорғау органдарына арызданған.
Нәтижесінде, 19 қаңтар 2023 жылғы соттың үкімімен сотталушы Ш-ға, Қылмыстық Кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес 9 (тоғыз) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.