Өткен жылы Түркістан облысында МӘМС үшін 23 млрд теңгеден астам жарна аударылған. Оның 12 млрд 962 мың теңгесі – жұмыс берушілерден түссе, 1 млрд 74 мыңын жеке кәсіпкерлер төлеген.
Ал 76 мың теңгесі бірыңғай жиынтық төлем. Бұл қаражат алдымен Ұлттық банкте сақталып, кейіннен медициналық қызметтер ақысына жұмсалады. Жалпы жұмыс беруші қызметкерлері үшін жалақының 3%-ын қорға аударуы қажет.
Ал жеке кәсіпкерлерге тұрақты баға бекітілген. Ол биылғы көрсеткішпен 4 900 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қалада тұрса 1 АЕК, ал ауылда тұрса 0,5 АЕК көлемінде аударым жасайды.