Úı ANONS Қазақстандағы МӘМС: Қолжетімді медицина және Шымкент жүрек орталығының рөлі

Қазақстандағы МӘМС: Қолжетімді медицина және Шымкент жүрек орталығының рөлі

фото medelement.com

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі Қазақстанда халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі тетігі болып табылады. Денсаулық сақтау саласының мамандары ретінде біз МӘМС жүйесінің пациенттерге табыс деңгейіне қарамастан қажетті медициналық көмекті уақытында алуға мүмкіндік беретінін күнделікті тәжірибеде көріп отырмыз.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС пакеті айтарлықтай кеңейтіледі. Бұл аурулар бойынша дәрігер кеңесі, диагностикалық тексерулер, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі.

МӘМС аясындағы медициналық қызметтер

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар бейінді мамандардың қабылдауына, зертханалық және аспаптық диагностикаларға, жоспарлы операцияларға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, емдеу және оңалту қызметтеріне қол жеткізе алады. 2026 жылдан бастап бірыңғай базалық медициналық көмек пакеті енгізіліп, оған жедел медициналық көмек, онкологиялық скринингтер және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу қызметтері кіреді.

Шымкент жүрек орталығының рөлі

МӘМС жүйесінің тиімді іске асуы заманауи, жоғары мамандандырылған медициналық ұйымдарсыз мүмкін емес. Шымкент жүрек орталығы МӘМС аясында жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарға кешенді медициналық көмек көрсететін жетекші мамандандырылған орталықтардың бірі болып табылады.

Біздің орталықта амбулаторлық және стационарлық бөлімшелер толыққанды жұмыс істейді. Амбулаторлық деңгейде пациенттер кардиологтардың кеңесін алып, заманауи диагностикалық тексерулерден өтеді, ауруды ерте кезеңде анықтау және динамикалық бақылау жүргізіледі. Ал стационарлық бөлімшеде жоғары технологиялық емдеу, жоспарлы және шұғыл кардиологиялық араласулар, операциядан кейінгі бақылау мен оңалту шаралары жүзеге асырылады.

Шымкент жүрек орталығы МӘМС жүйесі арқылы пациенттерге қаржылық кедергілерсіз сапалы медициналық көмек көрсетуді басты міндет санайды. Әсіресе созылмалы жүрек-қантамыр аурулары бар азаматтар үшін үздіксіз және уақтылы ем алу — өмір сапасын жақсартудың маңызды кепілі.