Түркістан облысында инвестициялық штаб отырысы өтті

33

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған өңірлік инвестициялық штабтың алғашқы отырысы өтті.

Өңір басшысы облысқа инвестиция тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуда штабтың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Әрі әкім мен инвесторлар арасында кедергісіз диалог орнатылып, өндіріс орындары көбейетінін жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы кәсіпкерлердің пікірі мен ұсыныстары тыңдалды.

Айта кетейік, алдағы уақытта инвестштаб отырыстарында әр аудан, қала әкімдерінің инвестиция саласындағы есептері тыңдалып, жобалары тұрақты талқыланып отырады.