Полицейлер тұрғыннан 400 дана «Трамадол» анықтады

69

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, заңсыз дәрі-дәрмек сатуды жою бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Осы мақсатта Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әсері күшті, сатуға тыйым салынған «Трамадол» дәрілік препаратын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері арнайы ақпарат көздері арқылы елдімекендердің бірінде «Трамадол» сатады деп күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтап, онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде одан 400 дана «Трамадол» дәрілері табылып, тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар ол өз жауабында дәрілерді Шымкент қаласында бейтаныс біреуден алып, әрбір данасын 1200 теңгеден сатқанын мойындады. Бұл жайт Келес АПБ-ға тіркеуге алынды.
Сондай-ақ жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды. Онда ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бойынша шара көру жұмыстары жалғасуда.