Шымкентте үйсіз жануарларды зарарсыздандыруға 140 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Мамандар бұл процедураға бюджеттен қаражат бірінші рет қаралғанын айтады.
Сонымен бірге, жыл басынан бері ешқандай үй жануары атылмаған. Жаңа заңға сәйкес, иесіз иттер зарарсыздандырылып, екпе егіліп, микрочип салынады. Қоғамға қауіпсіздеп танылған кезде тіршілік ортасына жіберіледі.
Ал қаңғыбас иттарді ұстайтын орын үшін 120 млн теңге аударылған. Сондықтан соңғы уақытта жануарлар құқығын қорғаушылар ол орталықты көп сынға алды. Мұнда қызметтік тексеру жүргізіліп – ит ұстау орынының директоры жұмыстан босатылды.
Талғат Мекембаев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшы орынбасары: «Иттерді ұстау орындарын тексеру барысында оларға беретін қоректік заттардың жетіспейтіндігі анықталды. Қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысы бойынша қазыналық кәсіпорын директорына алдымен сөгіс жарияланып, кейін жұмыстан босатылды. Қазір жануарлар азығы толық көлемде қамтамасыз етілді»