Шымкентте мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды

57

Шымкентте бүгінге дейін 1 113 шетелдік көлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның ішінде 1000-Ресей Федерациясының көлігі болса, 72-і Армения, 20-ы Грузия, 1-і Белорусия, 4-і Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 15-і Қырғызстан, 1-і Литва елдеріне тиесілі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қала бойынша 3047 өтінім алдын ала мақұлданған. Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым 200 мың теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу арқылы іске асады.