Партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды жеті саяси бірлестік тапсырып үлгерді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды ұсынған партиялар:
1.»Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2.»Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
3.»Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі;
4.»Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
5.»Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
6.»AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
7.»Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, мәжілістің кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. Сол күні жергілікті мәслихаттардың депутаттары да сайланады.