360 мың теңгеге бағаланған құлаққаптарды ұрлап кетті

20

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне тұрмыстық-техникалық дүкеннің қызметкері ұрлық жайты туралы арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 21:00 шамасында сатылым сөресінде тұрған «Samsung Bluetooth Galaxy 2 Pro TWS, Gray» және «Samsung Bluetooth Galaxy 2 Pro TWS» маркалы құлаққаптарын жас шамасы 20-22-лердегі ер-азамат ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 360 000 (үш жүз алпыс мың) теңгені құрап отыр.

Орын алған жайт ҚР ҚК-тің “Ұрлық”бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, күдіктіні 12 сағат ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол 23 жастағы жұмыссыз азамат болып шықты.
Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осы тектес қылмыстарға қатысының бар-жоқтығын анықтауда. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.