Биыл 26 көкөніс қоймасы салынады

33
көкөніс қоймасы

Биыл елімізде сыйымдылығы 104 мың тонна болатын 26 жаңа көкөніс қоймасы салынады. Ал 2026 жылға дейін тағы 35 заманауи нысан ашылады. Қазір шаруашылықтарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.

Сала мамандарының айтуынша, соңғы уақытта көкөніс өнімділігі артып отыр. Осыған байланысты қолданыстағы сақтау инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту қажет. Бұл өз кезегінде азық-түлік белдеуін құруға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта көкөніс қоймаларының тапшылығы мәселесі өткір тұр. Сол себепті кешенді жоспар әзірленген.

Жоспар бойынша қоймаларды салуға және жаңғыртуға инвестициялар тарту үшін субсидия көлемін арттыру көзделген. Еліміздегі 1200-ден астам қойма болса, оның 30 пайыздан  астамы Павлодар облысында. Былтыр 11 жаңа қойма тапсырылды, биыл тағы алты нысан салынады.