Úı ANONS Түркістан мен Франция: Жаңа инвестициялық келіссөз жүргізілді

Түркістан мен Франция: Жаңа инвестициялық келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Жүздесу барысында әріптестікті нығайту, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында сөз қозғалды. Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы баяндады. Және Франциялық танымал компаниялар мен брендтерді Түркістанда жұмыс істеуге шақырды.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі: «Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық 1992 жылдан бастау алады. Әсіресе, 2023 жылы өткен комиссияның 15-отырысында қол қойылған ірі келісімдер екіжақты серіктестікті жаңа деңгейге көтерді. Соңғы 10 жыл ішінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы жылына 2,5 нан  6,5 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металл, химия өнімдері, ауыл шаруашылығы тауарлары мен мыс экспорттайды. Ал Франциядан біз жоғары технологиялық жабдықтар, автокөліктер, медицина құралдары және басқа да өнеркәсіп өнімдерін импорттаймыз. Бүгінгі кездесу де Түркістан облысы мен француз бизнесі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды деп сенемін».

Ботакөз Әнуар