ЕЭО: Ортақ зейнетақы келісімшарты жұмыс істей бастады

36

Еуразиялық экономикалық одақта ортақ зейнетақы келісімшарты жұмыс істей бастады. Бұл құжат 2021 жылы күшіне енген. Келісім еңбеккерлердің тең құқығын қамтамасыз етеді.

Ол аталған одаққа мүше елдің аумағында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан адамға зейнетақы төлеуге кепілдік береді. Зейнетақы экспорты құқығын 12 мыңға жуық адам пайдаланған. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері мәлімдеді.

Сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін зейнетақы төлеу саласындағы мәліметтерді алмасуды жеңілдетуге арналған бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйе іске қосылады.